ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрайымының орынбасары А.Марстың төрағалығымен аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын жүргізу мәселесі жөнінде селекторлық кеңес отырысы өтті. Алмабек Марсұлы ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы және облыстық карантиндік зертхана басшылары және қызметі химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекет қызмет көрсетуге жауапты жеке кәсіпкерлік жетекшілері бас қосқан бейнеконференцияда ағымдағы жылы науқандық кезеңде өзара бірлесе отырып, шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуді қатаң тапсырды.
Селекторлық кеңестен соң ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов қазіргі таңда аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы химиялық препараттардың жеткілікті екендігін айта келе, сонымен қатар Орал қаласы бойынша шегірткелерге қарсы химиялық улау жұмыстарын жүргізу жөніндегі конкурс жеңіпазы «Магтоксин» ЖШС директорына улау және бүріккіш техникалардың сақадай сай дайындығын міндеттеді.
Сонымен қатар, облыстық аумақтық инспекция басшысы Л.Хайретдинов өңіріміздің агроөнеркәсіптік кешен саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып келе жатқан ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы А.Алдабергеновті мерейлі 55 жасқа толуымен құттықтап, Кәсіподақ Ұйымының III дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Лавр Рашитұлы мереке иесіне амандық, мықты денсаулық және мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы абыройлы қызметіне табыс тіледі.










