Бүгін ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов өңіріміздің Қаратөбе және Сырым ауданында жұмыс сапарымен болып, аталған аудан әкімдіктерінде 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді. Штаб отырысының күн тәртібінде аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын уақытылы сапалы жүргізу қажеттігі туралы мәселе кеңінен көтеріліп, жан-жақты талқыланды.

Биылғы жылы жазғы және күзгі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. 2018 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 102,5 млн тг қаражат қаралып, саяқ шегірткелерге қарсы 52,006 мың гектар және бидай трипсіне қарсы 3,5 мың гектар жер теліміне химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Айтулы штаб отырысына Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев және Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асантаев, облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, сонымен қатар аудандық аумақтық инспекция басшылары мен жауапты қызметкерлері, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалының жетекшілері бас қосты.Жиын соңында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдиноваудандық аумақтық инспекция басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.