Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласына басым бағыт беріліп отырғандығы баршаға белгілі.

 

Осы орайда, ел өңірлерінде егін өнімдерінің бітік шығуы және оның сапасын тұрақты сақтау маңызды рөл атқарады. Сондықтан, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен аймақтарда өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау және зиянды және аса қауіпті ағзаларға қарсы фитосанитариялық iс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру міндеттеледі.

 

Осы орайда, ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы З.Машаевтың төрағалық етуімен 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары, инспекцияның жергілікті атқарушы органдармен 2018 жылған арналған бірлескен іс-шаралар жоспары, сондай-ақ инспекция және жергілікті атқарушы органдар арасында аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы 2018 жылы жүргізілетін іс-шаралардың бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурыз күні ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен «ҚР-ның «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңнамасының талаптарын сақтау, сонымен қатар аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы зерттеу және күрес шаралары туралы» мәселелері жөніндегі агрооқу бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Жергілікті шаруалар үшін маңызы зор басқосуға ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы, ҚР АШМ БҚО сұрыпты талдау инспектурасы, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы және «АлемАгро» ұйымының жауапты мамандары, ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары, қызметі фитосанитариялық бақылау объектілермен байланысты жеке және заңды тұлғалар – шаруа қожалықтары мен тиісті ұйымдардың жетекшілері қатысты.

 

Аталған кеңесте ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Б.Бақтыгерей ҚР-ның «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңнамасының талаптарын сақтау, аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шаралары туралы кеңінен баяндап, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.

 

Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар, яғни шаруа қожалықтары мен тиісті ұйымдар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары мен тиісті мекемелер ай сайын наурыз-қыркүйек айы аралығында келесі айдың 20-на дейін, жарты жыл сайын 20 қаңтар және 20 шілдеге дейін және жыл сайын 20 қаңтарға дейін фитосанитарлық есеп тапсыруы шарт. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Өсімдіктер қорғау саласы бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының жергілікті атқарушы органдармен 2018 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары, сондай-ақ аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы ағымдағы жылы жүргізілетін іс-шаралардың бірлескен қадамдық жұмыс жоспары бекітіліп, аталған жоспарларға сәйкес жұмыстардың жүргізілуі жіті бақылауда. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсанда бекітілген № 1295 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумағында ерекше қауіпті зиянды организмдерден шегіртке (азиялық, прус), кандала бақашық, астық қоңызы, сарышұнақтар, тышқан тәрізді кеміргіштер, колорадо картоп қоңызы, ал өсімдік ауруларынан дәнді дақылдардың таты және септориоз кездеседі. Күзгі зерттеулер нәтижесінде Орал қаласы аумағы бойынша 2018 жылы аса қауіпті зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланбаған.Биылғы жылы Орал қаласы бойынша саяқ шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы құрылымдарының 1274 гектар жер теліміне химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық филиалы облыс аумағында аса қауіпті зиянкес ағзаларға қарсы фитосанитарлық зерттеулерді жүргізеді. Облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде шегіртке тұқымдастарынан басқа ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайдаоларға қарсы химиялық өңдеу шараларын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз қаражаты есебінен келісімшарт негізінде ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалы және «Магтоксин» ЖШС, ал астық өндіру элеваторларында «Акуншиников В.И.» ЖК жүргізеді.

 

Кеңеске қатысушы шаруа қожалықтары мен тиісті ұйым жетекшілері тарапынан сауалдар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.