Таяуда ҚР Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  Агроөнеркәсіптік  кешендегі       мемлекеттік  инспекция  комитетінің  БҚО  аумақтық  инспекциясында     дөңгелек  үстел  өтті.

Инспекция басшысы Лавр Хайретдинов төрағалық еткен жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарынан туындайтын мәселелер айтылып, сыбайлас жемқорлыққа және құқықбұзушылықтарға жол бермеу жолдары талқыланды. Бұл бағытта баяндама жасаған облыстық аумақтық инспекцияның бөлім басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Темірлан Темірәлиев тиісті жұмыстар жүйелі жүріп жатқандығын атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғалар арасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету және оларды сала бойынша ақпараттандыру мақсатында облыстық аумақтық инспекциясының ресми интернет-ресурстары және Facebook әлеуметтік желідегі парақшасы ашылып, салаға қатысты ақпараттар кеңінен жариялануда. Инспекцияның ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің жеке блогын ашу жоспарланып отыр», – деді Темірлан Махметжанұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин жемқорлықтың салдарын және бұл індеттің алдын алу жолдарын нақты мысалдармен баяндады. Оның айтуынша, облыста өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 12 қылмыстық іс тіркелген. Оның бір дерегі пара алуға қатысты болса, қалған жағдайларда қызметін асыра пайдалану немесе қызметіне салғырт қарау  деректері  орын  алған