Аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы күрес шараларын сапалы жүргізу мәселесі Жаңақала ауданында өткен 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысында кеңінен талқыланды.

 

Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Жаңақала ауданында жұмыс сапарымен болған ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдинов аталмыш аудан әкімдігінде жергілікті өңір басшысы Н.Қарағойшин, облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, сонымен қатар ауылдық округтердің әкімдері, аудандық аумақтық инспекция, ауылшаруашылығы бөлімі, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалының жетекшілері мен жауапты мамандары жедел штаб отырысына қатысты.

 

Жалпы 2018 жылы республикалық бюджет есебінен 168,71 мың гектар жер теліміне аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қолға алынса, соның ішінде италяндық прусқа қарсы – 166,71 мың гектар, ал азиялық шегірткеге қарсы 2,0 мың гектар аумаққа аталмыш іс-шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, биыл Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі және шыңғырлау аудандарында үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жүргізілуі көзделуде.