Жаңалықтар

 

Апта дүйсенбісінде ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары жергілікті полиция қызметімен тығыз қарым-қатынаста бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы  11 ақпандағы заңының сақталуын қадағалау және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Орал қаласындағы Конкина көшесі бойында қарбыз және өзге де жеміс-жидектерді сататын жабайы сауда орындарына рейдтік тексеріс шараларын жүргізіп, аталған заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде бірқатар қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу және тасымалдаумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық жадынамалар таратты.

Қоршаған орта және оның табиғи байлықтарын қызғыштай қорғап, өскелең ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізу барша азаматтың парызы.   Жыл сайын ел өңірлерінде елдімкендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу ұдайы дәстүрге айналған игі іс-шаралардың бірі. Ағымдағы жылдың 30 маусым күні Қазақстан Республикасының  Ел ордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай  қала және елді мекендердің, ормандардың санитарлық, экологиялық жағдайын жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында «Таза орман!» экологиялық акциясы өткізіліп, айтулы шара барысында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұжым қызметкерлері Орал қаласындағы  Перевалочная роща аймағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында қураған және құлаған ағаштардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту  мақсатында мемлекеттік қызметте ерен еңбек етіп жатқан әрі мемлекеттік қызметшінің үлесі салмақты. Биылғы жыл - абыройлы қызметтің ауыр жүгін біркісідей арқалаған мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығымен тұспа-тұс келуімен ерекшеленіп, төл мереке  23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні облысымызда жоғары деңгейде атап өтілді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында әлеуметтік-экономиканы дамытумен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюды басты мақсат етіп қойды. Сонымен қатар,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 13-ші қадамда жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу бағытында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігі міндеттелді. Сондықтан, Ұлт Көшбасының сарабдал саясатын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – арнайы мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы баршамыздың ортақ міндетіміз болуы тиіс. Осыған орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аталмыш жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді. 

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы  заңы - ел аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау, карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Республиканың олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу және аталған заңнаманың сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге бағытталған.       Бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп – бұл карантинді объект болып табылады.

Биыл Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 168,71 мың.га аумаққа аса қауіпті зиянкес үйірлі шегірткелерге  қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған болатын, соның ішінде итальяндық шегіткеге қарсы 166,71 мың.га және азиялық шегірткеге қарсы -  2,0 мың га аумақты құрады. 2018 жылға арналған жоспарға сәйкес үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу облысымыздың  Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандарын қамтиды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласына басым бағыт беріліп отырғандығы баршаға белгілі. Осы орайда, ел өңірлерінде егін өнімдерінің бітік шығуы және оның сапасын тұрақты сақтау маңызды рөл атқарады.