Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметте ерен еңбек етіп жатқан әрі мемлекеттік қызметшінің үлесі салмақты. Биылғы жыл - абыройлы қызметтің ауыр жүгін біркісідей арқалаған мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығымен тұспа-тұс келуімен ерекшеленіп, төл мереке 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні облысымызда жоғары деңгейде атап өтілді.
Осы орайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ел экономикасының басты серпіні саналатын агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолындағы мақсат-міндеттерді орындауда табанды қызмет етуде.
Осы аптада ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов ұжым қызметкерлерін төл мерекемен шын жүректен құттықтап, мемлекетіміздің дамуы жолындағы белсенді қызметтеріне толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, Л.Хайретдинов мемлекеттік қызметтің одан әрі дамуына және оң имиджін қалыптастыру жолында өз үлесін қосып, мемлекеттік қызметте 10 жылдан аса абыройлы қызмет атқарып келе жатқан инспекцияның кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиевке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың арнайы Алғыс Хатын салтанатты түрде табыс етіп, алдағы уақытта да жарқын жетістер мен жемісті еңбек тіледі.










