Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы  заңы - ел аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау, карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Республиканың олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу және аталған заңнаманың сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге бағытталған.       Бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп – бұл карантинді объект болып табылады.

Негізінен Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік объектілер қатарында жатаған укекіре, арамсояу,  көпжылдық ойран шөп, жұпсыз жібек көбелегі және қауын шыбыны  кездеседі.

Биыл облыс бойынша карантиндік объектілерге қарсы химиялық өндеу жұмыстары мемлекеттік жер қорындағы 1566,75 га аумаққа жоспарланған болса, соның ішінде Сырым ауданында 320 гектарға аталған шаралардың жүргізілуі көзделіп отыр. Өткен аптада ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының у бүріккіш арнайы техникасының көмегімен Сырым ауданы аймағында карантиндік арамшөп – жатаған укекіреге қарсы    мемлекеттік жер қорындағы 52,3 гектарға химиялық улау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу шаралары облысымыздың бірқатар өңірлерінде іске асырылуда.

 

BR>