Биыл Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 168,71 мың.га аумаққа аса қауіпті зиянкес үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған болатын, соның ішінде итальяндық шегіткеге қарсы 166,71 мың.га және азиялық шегірткеге қарсы - 2,0 мың га аумақты құрады. 2018 жылға арналған жоспарға сәйкес үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу облысымыздың Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандарын қамтиды.
Бүгінгі таңда ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы облысқа бөлінген улы химикаттар шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін тиісті аймақтарға толықтай жеткізілді. Ағымдағы жылдың 30 мамырында Бөкейорда және Жаңақала аудандарында зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталып, тиісті іс-шаралар қолға алынды.
Осыған орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы-өсімдік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Д.Базаров 2018 жылы жоспарға сәйкес аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу шараларының сапалы және дер кезінде атқарылуын бақылау мақсатында Бөкейорда және Жаңақала аудандарында 6-10 маусым күндері аралығында іс-сапармен болып, сала маманының аталмыш өңірлерге іс-сапары аясында қабылданған пестицидтерді жеткізуді қадағалау, үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетумен қатар, жүргізілген зерттеу жұмыстарына талдау жүргізілді.
2018 жылы облыс бойынша итальян шегірткесіне қарсы зерттеу жоспары 1093,0 мың га құрады. Күні бүгінге дейін Бөкей орда ауданында 105,2 га, ал Жаңақала ауданында 101,2 га аумақ зерттелді. Осы шаралар нәтижесінде Бөкей орда ауданында 25,2 га және Жаңақала ауданында 12,0 га аумақ өңдеуден өткізілді. Сонымен қатар, облыс көлемінде 129,03 га аумаққа химиялық өңдеу жүргізу жоспарланса, бүгінгі таңда Бөкей орда ауданында 22,2 га және Жаңақала ауданында 5,8 га аумаққа аталған жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта аталған өңірлерде «Өсімдік қорғау МКОК» ЖШС және «Агро СЛА» ЖШС у бүріккіш газқондырғылар, жеңіл ұшақтар және микронер техникаларының көмегімен италян шегірткесіне қарсы химиялық тәсілмен өңдеу шараларын қарқынды жүргізуде.










