ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында әлеуметтік-экономиканы дамытумен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюды басты мақсат етіп қойды. Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 13-ші қадамда жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігі міндеттелді. Сондықтан, Ұлт Көшбасының сарабдал саясатын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – арнайы мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы баршамыздың ортақ міндетіміз болуы тиіс. Осыған орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аталмыш жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді.
Биылғы жылы ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылып, жауапты тұлғаларға аталмыш меморандум мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары жөнінде жан-жақты түсінік берілді және инспекция қызметкерлері тарапынан жемқорлық көріністері орын алған жағдайда аталмыш мемлекеттік орган басшылығының қызметтен босатылатындығы туралы қатаң ескертілді. Сондай-ақ, инспекция басшысының бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауапты қызметкерлер бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында құрылған ішкі қауіпсіздік қызметін атқаратын жұмыс тобы әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс аудандарында болып, (Тасқала, Теректі, Зеленов, Шынғырлау және Бөрлі аудандарында) бірқатар өңірлерде мемлекеттік қызмет көрсетуші мен қызметті алушы арасындағы байланысты мейлінше азайту бағытында мемлекеттік қызмет көрсетуді «Бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асыру қолға алынса, ал қалған аудандық инспекцияларға аталмыш жүйе негізінде жұмыстану қажеттігі тапсырылды.
Сонымен қатар, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымлдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев ағымдағы жылдың 7-9 маусым күндері аралығында Бөкейорда және Жәнібек аудандық аумақтық инспекцияларында ресми іс-сапармен болып, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы түсінік жұмыстары және ұжымдағы моральдык-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Күні бүгінге дейін жалпы инспекция қызметкерлері тарапынан жемқорлыққа жол беру фактілері тіркелген жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл басында инспекцияның барлық жауапты қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы» атты қызметтік қалта кітапшасы таратылып, 1 бейнероликтің көрсетілуі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекция ғимаратындағы арнайы стендта «Сенім телефоны» туралы ақпарат орналастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекция ғимаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орында, кедендік рәсімдеу орталығында және астық өндіру элеваторларында ақпараттық жадынамалар орнатылды. Ішкі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында мемлекеттік қызмет алушы – жеке және заңды тұлғалар арасында анонимді түрде сауалнама үнемі жүргізіліп отырады. Осыған орай, 2018 жылдың 4 маусым күні инспекция қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама – жүргізілді.
Инспекция қызметкерлерінің теріс қылықтары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Әр аптаның сәрсенбі және жұма күні жеке және заңды тұлғаларды қабылдау өткізіледі. Инспекция қызметкерлеріне қызмет алушы жеке және заңды тұлғаларға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу мақсатында ҚР-ның 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасы және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ережелері мен әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұдайы ескертіліп, жіті қадағаланып отырады.











