Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi, мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;
4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енедi.
Фитосанитариялық мониторинг дегеніміз - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;
ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясында 3 мемлекеттік қызметші: 1 басшы, 2 бас маман мемлекеттік испекторлар қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін атқару кезінде тиісті заңдылықтарды сақтауға үнемі көңіл бөлінеді.
Әр аптаның сәрсенбі күні (сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін) инспекция басшысы азаматтарды жеке қабылдайды. Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау саласы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8-711-34-31-1-36 байланыс телефонына хабарласып немесе өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға жүгінуге болады. ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан.
Темирлан Габбасов
ҚР АШМ АӨК МИК
Сырым аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман – өсімдіктерді
қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы










