ҚР-ның «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес тиісті аумақта мемлекеттік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүзеге асырылуы қажет. Осыған орай,  биыл Шыңғырлау ауданы бойынша итальян шегірткесінің қанаттанып ұшуы және жұмыртқа салу кезеңіне қарсы 120,0 мын.га жер аумағы зерттеледі деп жоспарланған болатын. Күні бүгінге дейін зиянкестерге қарсы 55,0 га жер телімі зертеліп отыр. Аудан аумағында шегірткенің үшуы және шағылысуы анықталды. Сонымен қатар, ауданның Алмаз, Ақшат, Қарағаш және Ақтау ауылдық  округтеріне көршілес өңірлерден  итальян шегіркесінің ұшып келуі жағдайлары байқалды.

Алдағы уақытта зерттеу қорытындысы бойынша 4,9 мың га жер аумағы өңделеді деп көзделуде. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

Абдилгазиз Сандыбаев

ҚР АШМ АӨК МИК Шыңғырлау аудандық аумақтық

инспекциясының  өсімдіктерді қорғау

жөніндегі  мемлекеттік  инспекторы