Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы және ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жаңақала аудандық филиалы мен көршілес Индер және Исатай аудандық аумақтық инспекциясы, " ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Индер және Исатай аудандық филиалдарының мамандары екіжақты кездесу өткізіп, келісімге сәйкес аталған аумақтарда итальян шегірткесінің ұшуын, шағылысуын, күбіршіктерін жерге салуын анықтау мақстында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бірлескен шара нәтижесінде шегірткелердің қоныстанбағандығы байқалды.











