Су - қашанда тіршілік нәрі болып саналған. Табиғат әлемінде судың экожүйесін сақтау маңызды рөл атқаратыны белгілі. Апта сенбісінде ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұжым қызметкерлері "Таза жағалау" облыстық экологиялық акциясы аясында Коминтерн аумағын тұрмыстық қалдықтардан және қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Акция облыс аумағындағы өзен-көлдер, су айдындары мен каналдардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.