Карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар міндетті болып табылады.

 

Ағымдағы жылғы 17 шілде күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж.Ешмуханов және аталған бөлімнің жауапты мамандары ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы және облыстық карантиндік зертханада болып, аталған мекемелер қызметі, зертханалық сараптауға жолданатын карантиндік өнімдер мен карантиндік нысандар үлгілеріне жүргізілетін зертханалық сараптама жұмысының барысымен жан-жақты танысты.

 

Тәжірибе алмасу алдағы уақытта мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының кәсіби біліктілігі мен білім деңгейін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз