Бұл туралы апта дүйсенбісінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекетттік қызмету барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселелері жөнінде бөлім, Орал қалалық аумақтық инспекция басшылары және жауапты мамандармен өткен кеңес отырысында қатаң тапсырма жүктеді. Аталған басқосуда облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж.Ешмуханов "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына енгізілген өзгерістер және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы кеңінен баяндады.
Бүгінгі таңда "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша өтініштер қосымша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы, қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, жалған қалқаншалы және қалқаншалы сымырларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Ал, "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бұрын өтінішпен бірге импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарын тапсыру талап етілген болса, қазіргі уақытта аталған міндеттемелер алынып тасталды.
ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж.Ешмуханов Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы З.Машаевқа мен өсімідіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға жалпы өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, Орал қаласы аумағына енетін жүктерге екінші қайтара тексеру жүргізу кезінде іріктеп алынған үлгілерге міндетті түрде Іріктеп алу актісі толтырылу қажеттігін міндеттеді.
Сонымен қатар, жиын соңында Л.Хайретдинов Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының басшыларына жауапты қызметкерлер арасында белсенді түсінік жұмыстарын жандандырып, сала аясында мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүйелі жүргізуді күшейтуді және қызмет барысында аталған заң бұзушылықтарды болдырмауға мұқият болуды тапсырды.










