Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында 2018 жылғы 10 шілде күні облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өңіріміздің Қаратөбе ауданында ресми іс-сапармен болып, ағымдағы жылы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілген іс-шаралар және 2019 жылы зерттеу мен болжаудың іс-шараларын үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізілді. Аталмыш штаб отырысына ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» БҚО филиалының басшысы А.Алдабергенов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, облыстық, аудандық штаб мүшелері -облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Курмашев, жергілікті аудан, ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекция, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары, штаб төрағасы И.Стексов штаб мүшелеріне өсімдіктерді қорғау саласында зиянды шегірткелердің дамуы мен таралуы, оларға қарсы жүргізілген іс-шаралардан туындаған олқылықтарды болдырмау және 2019 жылы атқарылатын фитосанитариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы ұйымдастыруды жүктеді.