Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) пестицидтер далалық жерлерде пайдаланатын сонымен қатар адам өміріне қауіпі жоғары болғандықтан елдімекендерде, үй ішінде пайдалануға тыйым салынатындығы туралы хабарлайды. Сондықтанда бұл химиялық затты қатаң бақылауда ұстау қажет. Зиянкестерге қарсы дезинфекциялау құралы ретінде пестицидттерді пайдалану кезіндегі қолдану Ережесін сақтауға шақыра отырып, арты адамдардың өліміне әкеп соғатындығын ескертеді.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үйірлі шегірткелерден басқа аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеуді жүргізеді.

Пестицидтер  улы химиялық заттар болғанмен, фермерлер оларды мол өнім алу үшін қолданады. Өйткені пестицидтер минералды тыңайтқыштар, әрі өсімдіктер зиянкестерімен, арамшөптермен күресу, өнімді түрлі өсімдік ауруларынан қорғау үшін қажет. Зиянкестер химиялық қоспалардың бір түріне тез бейімделеді. Сондықтан мұндай химиялық қоспаларды  қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек. Мәселен, инсектицидтер – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық қоспалар. Гербицидтер арамшөптерді жоюға, фунгицидтер аурулардан қорғау үшін, родентицидтер  кеміргіштерге қарсы қолданылады.

Химиялық өндеу жұмыстардың маусымы кезеңінде өндеу жүргізілетін аймақтағы әр елдімекен тұрғындары мен шаруашылықтар ескертілуі қажет. Елде фитосанитариялық  iс-шаралар адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбеу керек. Пестицидтердi қолдану, сақтау,  тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары сақталуы тиіс. Мұндай талаптарды орындамағандар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 377-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке және заңды тұлғалар пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануы үшін   арнайы лицензиясы болуы қажет.

Сонымен қатар ел аумағында қолдануға рұқсат етілген  пестицидтердің  тіркелген тізімі туралы бекітілген анықтама бар. Олардың тізімі жаңартылып отырылады және толық ақпаратты Инспекцияның аумақтық бөлімшелерінен (Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекциялар) алуға болады.

Қолдануға рұқсат етілмеген және жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары қатаң бақылауда болғандықтан есебі жүргізіліп  жойылады. Пайдаланылған пестицидтердің бос ыдыстарын жою үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. «Облыс аумағында ескірген, қолдануға жарамсыз пестицидтерден босаған ыдыстарды жоятын арнайы жерлердің (могильники) немесе оларды қабылдап, қайта өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Сондықтан бос ыдыстар болған жағдайда басқа облыстардағы көмбелерге тасымалданып, жойылады».

Облыста  қызметі өсімдіктерді қорғау саласымен тығыз байланысты 298  ауылшаруашылығы тауарын өндіруші  бар. Мұндай жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі аумақтарда фитосанитариялық мониторинг пен iс-шаралар жүргiзуге, зиянкестердің  дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті. Маңызды фитосанитарлық іс-шаралардың бірі – фитосанитариялық есепке алу және оның нәтижесін  уәкілетті органға тапсыру. Аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының көпшілігі фитосанитарлық есептілікті тапсыруға жауапкершілікпен қарайды. Бірақ аталмыш іс-шараның қорытындысын  тапсыруға немқұрайлы қарайтын да шаруашылықтар бар.   Сондықтан оларды  фитосанитариялық есепке алуды жүргiзу мен  есебін  табыс етуге  жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы                      Т.Темиралиев