|
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының 2023 жылғы № _____ бұйрығына қосымша |
|
|
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушының қосымша |
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде өмірлік жағдайлар және заңдық фактілердің тізбесін мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындайды.
- Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету үшін қалай өтініш беруге болады? Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қандай?
Карантинге жатқызылған өнімді шетелге әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуы керек.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкету (экспорттау) үшін фитосанитариялық сертификат алу мақсатында жеке немесе заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау келесі тәсілдер арқылы іске асырылады:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық бөлімшесінің кеңсесі;
- egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген сәттен бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде-2 (екі) жұмыс күні ішінде.
- карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.
- тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
2. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге қандай тыйымдар бар?
«Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 690 бұйрығының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.
3.Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкелу/әкету кезінде қандай нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады?
Өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда:
- «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 318 шешімі;
- «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы және кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 шешімі;
- «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы.
- Карантинге жатқызылған өнімдерді импорттау кезінде басқа елдердің электрондық фитосанитариялық сертификаттары таныла ма?
«12 фитосанитариялық сертификат» фитосанитарлық шаралардың халықаралық стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті экспорттаушы ел карантинге жатқызылған өнімге беретін электрондық фитосанитариялық сертификаттарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды.
Сонымен қатар, жоғары фитосанитариялық тәуекел карантинге жатқызылған өнім тағайындалатын орындардағы заңнама негізінде экспорттаушы елдің қағаз жеткізгішіндегі фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасын карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор алып қоюға жатады.
- Қандай жағдайларда карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады?
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес келесі жағдайларда карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады:
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;
5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге.
- Шегіртке зиянкестерін қоспағанда, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау бойынша республика аумағында қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі жедел кезеңде күн сайын аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 259-н бұйрығымен бекітілген Карантинді объектілерді есепке алу мен анықтау әдістемесіне сәйкес аса қауіпті зиянды организмдердің саны экономикалық зияндылық шегінен жоғары болған жағдайда, шаруашылықты көрсете отырып, тексеру актісі ұсынылады.
Зияндылықтың экономикалық шегінен асып кеткен тексеру актісі деректері бойынша (дабыл хабарламасы) өсімдіктерді қорғау инспекторы бақылау субъектісіне қажетті фитосанитариялық іс-шараларды міндетті түрде жүргізу үшін бұзушылықтарды жою туралы орындау мерзімдерін көрсете отырып екі данада ұйғарым шығарады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындау мерзімі оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кем емес мерзімде айқындалады
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы
4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес карантиндік аймақтар мен қолайсыз пункттердегі қызметке, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарына, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянкестердің ошақтарының мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) және жүзеге асыру уақытын алдын ала анықтау мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік бақылау және қадағалау мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісіне алдын ала хабарламай және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісі бақылау және қадағалау органына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуы туралы ақпаратты беруге міндетті.
Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындаудың көрсетілген мерзімі өткеннен кейін уәкілетті орган ұйғарымның сақталуын анықтау мақсатында тексеру жүргізеді. Бұйрық орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады, кінәлі адамнан одан әрі сотқа жіберу үшін шығарылған ұйғарымды орындамау себептерін көрсете отырып, түсіндірме хат алынады және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары шығарған заңды талаптарды немесе нұсқауларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сотқа жіберу үшін келесі құжаттар тізімдемесі жасалады, оның ішінде: құқық бұзушының түсіндірме хаттамасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, кәсіпкерлік субъектісінің санатының анықтамасы.
- Зиянды организмдерге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау алгоритмін айтыңыз?
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі жедел кезеңде апта сайын аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Зиянды организмдер саны экономикалық зиянды шегінен асып кеткен жағдайда инспектор шаруашылықты көрсете отырып, тексерудің маршруттық парағын сұратуы қажет.
Ұсынылған маршрут парағы (дабыл хабарламасы) бойынша зияндылықтың экономикалық шегінен асып кеткен жағдайда (мысалы, бидай трипсі немесе арамшөптер) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-баптың 2-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау инспекторы әкімшілік іс қозғайды. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау себептерінің бірі құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан алынған материалдар болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-баптың 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 741-бабында көзделген іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға негіз болып табылады.
Құқық бұзушыны әкімшілік іс жүргізуді қарауға шақырған кезде хабарлама шығарылады, онда күні, уақыты, мекенжайы, «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1-тармағында көзделген бұзушылық, «фитосанитариялық мониторинг жүргізу және фитосанитариялық шараларды жүргізу және саны зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды және аса қауіпті зиянкестердің дамуы мен таралуын болдырмау».
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 403-бабының 2-тармағына сәйкес фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізбеу, нәтижесінде саны зияндылықтың экономикалық шегінен асатын зиянды организмдердің дамуына және таралуына әкеп соғады, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік іс жүргізу – әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, құқық бұзушылық туралы түсіндірме хаттама және т.б.
Егер субъект құқық бұзушылық фактілерін мойындаса, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 810 және 811 баптарына сәйкес қысқартылған іс жүргізу қолданылады (жеті тәулік ішінде санкция бабында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу).
Барлық құжаттарды толтырғаннан кейін сіз барлық деректерді әкімшілік базасы дерекқорына - Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, айыппұлдың төленуін бақыланады.










