Рисунок1

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалалары аумақтық инспекцияларына

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының  3-тармағына сәйкес Комитет төрағасының м.а. Қ. Әлиевпен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өмірлік жағдайлардың және заңдық фактілердің тізбесі мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындау туралы» 2023 жылғы                17 шілдедегі № 152 бұйрығын 2023 жылғы 26 қыркүйекте № 18-09-10/21239 хатпен жолданған болатын.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өмірлік жағдайлардың және заңдық фактілердің тізбесі мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушының       2023 жылғы 17 шілдедегі № 152-н бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Комитеттің төрағасының 2023 жылғы 9 қазандағы № 192-н бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) өзгерістер енгізілген болатын.

Осыған орай Комитет бұйрықты жұмыс барысында басшылыққа алу және қолдану үшін қосымшамен жолдайды.

Сонымен қатар аумақтық инспекциялардың қызметкерлері жалпыға бірдей азаматтар мен кәсіпкерлерге ақпарат мақсатында әлеуметтік желілерде жариялап, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен тарату қажет.

Атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттарды ағымдағы жылдың          18 қазанына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жіберуді сұраймыз.

Қосымша: __ п.

Төраға                                                                             Б. Манасов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?А. Егдиров

100-815. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.