Шалғын көбелегі (Loxostege sticticalis) - қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол кең тараған көпкоректі зиянкес. Көбелектер негізінен мемлекеттік қордағы жерлердің арамшөптерінде сондай ақ, дәнді және майлы дақылдар егістігінде және бау бақшаларда байқалады.
Шалғын көбелегінің құрттары көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге (бұршақ, жонышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері және жусан) көп зиян келтіреді. Шалғын көбелегі желдің ағысы арқылы ұзақ жерлерге қоныс аудара алады және ол жерлерде тіршілігін жалғастырып дақылдарды зақымдайды.
Біздің аймақта екі ұрпақ береді. Ауа-райы қолайлы болған жағдайда үшінші ұрпақ беруі мүмкін. Ең қауіптісі зиянкестің бірінші ұрпағы, себебі ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуінің алғашқы кезеңіне тұспа тұс келеді, ал бұл кезде дақыл зиянкес зақымдауларына төзімсіз келеді.
Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр-маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15-20 күнге созылады. Шалғын көбелегінің ұрғашысы 600 дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың дамуы 3-10 күн. Құрттары 2-4 аптада, 5 жасқа дейін өсіп дамиды.
Шалғын көбелегі 21-30 шілде аралығында Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Тасқала және Шыңғырлау аудандарында байқалды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілерден шағым және дабылдық хабарламалар түскен жоқ.
Осы уақытта дейін, Батыс Қазақстан облысында бұл зиянкестің жаппай көбеюі экономикалық зияндылық шегінен асқаны тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы аумағында «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының шалғын көбелегінің 2 ші ұрпағының құрттарына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде 8400 га жер тексеріліп, 1720 га қоныстанғаны байқалып отыр, оның ішінде 1 шаршы жердегі орналасу тығыздығы 3 ке дейін 1520 га, 5 ке дейін 200 га жерде кездесіп отыр, шілде айында нөсерлі жауыннан кейінгі аптап ыстықтан соң зиянкестің 2-ші ұрпағы құрттарының жаппай көбеюі байқалды.
Шалғын көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жүргізуге мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Өйткені ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығымен Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесіне өзгеріс енгізіп шалғын көбелегі құртын улауға міндетті зинякестер қатарынан алып тасталған.
Сондықтанда Зиянкестің бұл түрін ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаражаты есебінен улау керек, мемлекет тарапынан шаруашылық құрылымдарына 50% дейін субсидия беру қарастырылған.
Субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім бергеннен кейін 12 ай ішінде субсидия төленетін болады.
(АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілер мен бизнес өкілдерінің бастамаларына сәйкес, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік пестицидтер құнының 50 пайызға дейін өтеу үшін субсидиялар бере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілген).
Пестицидтармен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтар мемлекеттік тіркеуден өтеді және қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізіміне енгізіледі. Пестицидтерді қолдану санитарлық нормалар мен ереже талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Қала саябақтарын, гүлбақтарды, көшелерді пестицидтермен өңдеу кешкі, түнгі және таңғы сағаттарда пестицидтердің ең төмен жұмсау нормасымен жүргізеді. Тұрғын үйлерге дейінгі санитарлық қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі (50 метрден кем емес). Пестицидтерді шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің аймағында қолдануға жол берілмейді. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпты пестицидтерді пайдалануға тыйым салынады. Пестицидтармен жұмыс істеген кезде қорғаныс киімдерін (комбинезон, халат, қалың орамал немесе бас киім), қолғап, көзді қорғайтын көзілдірік, ауыз бен мұрынға респиратор кию керек. Пестицидтармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, шылым шегуге болмайды. Жұмыс аяқталғанннан кейін арнайы киімдерді тазалап, арнайы бөлінген жерлерде сақтау керек. Пестицидтермен жұмыс істеп болғанннан кейін бетті, қолды жуу керек. Уланған жағдайда жедел жәрдем шақыру керек. Уланған жерлерге малдарды 20-25 күн өткеннен кейін жіберуге болады.
Шалғын көбелегіне қарсы қауіптілік класы төмен пестицидтерді қолдануға болады. Мысалы:
Дифлур, 48% с.к. (0,015-0,02 л/га) П-3,
Децис Эксперт, к.э. (0,1-0,12 л/га) П-2,
Борей Нео (0,01-0,2 л/га) П-3,
Каратэ Зеон, с.к. (0,15л/га) П-1,
Каратэ 050 к.э., (0,15л/га) П-1,
Ахиллес, к.э. (0,1-0,3 л/га),
Алиот, к.э. (0,6-1,5 л/га),
Шалғын көбелегі құрттарына қарсы қолданылатын инсектицидтерді облысымыздағы төмендегі мекемелерден алуға болады. Бұл мекемелерде зиянкеске қолданылатын инсектицидтердің барлығы бар.
«Alem Agro Holding» ЖШС (БҚО өкілдігі) 87017801021
Батыс Қазақстан облысында химиялық өңдеу жұмыстарымен айналысатын арнайы мекемелер:
1. «Фитосанитария» РМК (басшысы Б.Жумин)
2. «Магтоксин» ЖШС (басшысы Б.Исалиев)










