Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалары және Қазақстан Республикасы аумағына карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелуге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес, Республика аумағын және облыс өңіріне карантиндік нысандардың, яғни зиянкестердің, арамшөптердің және аурулардың енуінен қорғау мақсатында Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекарасында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, тексерулер жүргізіп отыр.
Қазіргі таңда мемлекет қауіпсіздігі басты орында, қашан да маңызды мәселелерге ие. Осы қауіпсіздікті күшейту еліміздегі салалардың заңнамаларында бекітілген талаптар мен тәртіпті сақтауды талап етеді. Солардың бірі - өсімдіктер карантині саласы. Кей уақыттар да осы сферада сақтық шараларын жөнді сақтамау оқыс жағдайларды туындатып отырады. Сол себепті, өсімдік карантині мемлекетті немесе оның жеке бір бөлігін аурулар мен зиянкестердің және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін арнайы жұмыстар ұйымдастырып отыр. Жалпы айтқанда, өсімдіктер карантині дегеніміз - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді нысандармен қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим болып табылады. Табиғатта өсімдіктер зиянкестері, арамшөптер және аурулар көптеп кездеседі, соның ішінде аса қауіпті карантиндік зиянкестер, арамшөптер және ауруларды, анықтау, оқшаулау және жою, сонымен қатар өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау өсімдіктер карантині қызметінің негізгі міндеті. Ал, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыратын, сондай-ақ өз өкілеттілігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын атқарушы орган Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы және де олар белгілі талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап өтсек:
1. Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру;
2. Карантинге жатқызылған ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру;
3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу;
4. Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы осы сала бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 7 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағыдаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен бекітілген қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл өзгеріс сала мақсатына айналып отырған Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау және карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу, сонымен қоса, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізуіне септігін тигізері сөзсіз.
Өсімдіктер карантині және ФББ жөніндегі мемлекеттік
инспекциясы бөлімінің бас маманы - өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы Есен Нұржауған Мақсотқызы










