ҚР АМШ АӨК МИК Батыс Қазақстан обылыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер  карантині саласындағы  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзерістер енгізілгендігі  туралы   хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22939 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

 

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"27. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні (17:30 кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға барады. Карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

"e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді;

дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не оны беруден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

"27-1. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызмет берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.";

 

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"28. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.";

 

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"29. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:

1) Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;

2) барлық қажетті құжаттар ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ИАЖ) тіркейді;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат және берілген құжаттардың тізімі ХҚО ИАЖ-ға енгізіледі және ББАЖ АЖ-ға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік корпорация қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы қолхаттағы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оның күнтізбелік 30 (отыз) күн сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті алушыға) береді.";

 

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"31. Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) осы Қағидалардың 27-1 және 28-тармақтарына сәйкес фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;

2) импорттаушы елдің талаптарында карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде (экспорт кезінде) карантиндік объектілердің анықталуы;

3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті ұсынылған карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.";

 

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"40. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) осы Қағидаларға 13-қосымшада баяндалған биологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханадағы оқшаулау шарттарының тізбесіне сәйкес келмеуі;

2) карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты беру үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты алуға байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.";

 

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"49. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және оны өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, қажет болған жағдайда, үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады;

карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;

карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;";

мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

"49-1. Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 131 бұйрық) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын өтінішке қоса бере отырып, карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

 

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"50. Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды рәсімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының № 131 бұйрыққа сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесімен тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен күні аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, ал көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

 

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"52. Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) осы Қағидалардың 49-1 және 50-тармақтарына сәйкес карантиндік сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;

2) есепке алу нөмірін алған көрсетілетін қызметті алушылар қара өріктің шарка вирусы (Plum pox potyvіrus), қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерді өңдеуге жіберген жағдайда, карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) залалданған астық пен оның өңделген өнімдерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, бұл межелі орнының өзгеру жағдайын қоспағанда, тиісті аумақтық бөлімшеден (көрсетілетін қызметті берушіден) ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификат алу үшін қажетті ұсынылған карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификат алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне байланысты тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.";

 

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"53. Жүру жолында немесе межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімнің баратын мекенжайын өзгерту осы Қағидаларға сәйкес аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын, аумақтық бөлімшемен (көрсетілетін қызметті берушімен) берілетін жаңа карантиндік сертификатты ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкетiлген карантинге жатқызылған өнiмдi жүру жолында басқа мекенжайға жiберуге жол берілмейді.

Орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде екінші рет карантиндік жете тексерілуі тиіс.";

 

8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

16-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 

19-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі           С. Омаров

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігі