Жас маман болса да өзінің атқарып отырған қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өз саласы бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетіп жүрген Убаева Назгүл Сибатқызы ҚР АШМ АӨК МИК Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып 2019 жылғы 2 шілдеден бастап қызмет атқарып келеді. Қызметке орналасқан уақыттан бастап өзінің мамандығына деген қызығушылығын, берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өзінің тиянақтылығын көрсетті. Карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық карантиндік тексеріс барысында алынған үлгілерден жатаған у кекіре және арамсояу нысандарын тауып, табылған нысандар карантиндік лаборатория арқылы расталды. Облыс бойынша 97540150 теңге көлемінде айыппұл салынса, соның ішінде Назгүл салған айыппұл мөлшері 11186920 теңге. Қол жеткізген нақты нәтижелері бойынша ҚР АШМ АӨК МИК БҚО АИ басшысы Л.Хайретдиновтың «ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының құрылғанына 20 жыл толуына орай, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны және адал қызметі үшін» алғыс хатымен, «ҚР Конституциясы күніне орай мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда қосқан үлесі мен нәтижелі көрсеткіштері үшін» алғыс хатымен марапатталды. Атқарып отырған саласында табандылық пен бастамашылық танытып жүрген жас маманға, еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегіне жеміс, жаңа жетістіктер тілейміз!














