Бүгін ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары, сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары мен жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы заңының сақталуын қадағалау және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Орал қаласындағы қала аумағындағы қарбыз және өзге де жеміс-жидектерді сататын жабайы сауда орындарына рейдтік тексеріс шараларын жүргізді. Тексеріс барысында аталған өнімдер облыс аумағындағы шаруашылықтардан алынғаны анықталып, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде бірқатар қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу және тасымалдаумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық жадынамалар таратылды.