ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ облыстық филиалының зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес облысымыздың Бөкейордасы және Қаратөбе аудандарында итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жер бетіне жаппай шыққаны анықталған болатын.
Осыған орай ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округ аумағында итальяндық шегірткелеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды.
Өңдеу жұмыстарын ж/к С.Исмуханов Уаз автокөліктерінде орналастырылған арнайы жер үсті желдеткіш бұріккіштерімен атқаруда.












