Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасы А. Марстың төрағалығымен бейне байланыс арқылы жиналыс өткізілді. Өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау салалары мен шекаралардағы фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмыстары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері қаралып тапсырмалар берілді.











