2019 жылдың 23 маусымында еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі өтті. Осыған орай мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтегі тұлғалар туралы қысқаша түсінік жазып өтейін.   

 

Мемлекеттiк қызметтiң атқарылуы және жұмыс iстеуi, ол әрбiр органның лауазымды тұлғаларының басқаруы мен атқаруы бойынша жүзеге асырылады:

 

Мемлекеттiк қызметшi дегенiмiз - ол, мемлекеттiк органда заңда белгiленген тәртiппен қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын ҚР азаматы болып табылады. Оның еңбегі республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не ҚР Ұлттық банкiнiң қаржысынан төленеді. Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз - ол, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметтi айтады. Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады, сондықтан мемлекеттік қызметші өз міндеттерін атқару барысында қарапайым халыққа қызмет етуге дайын болу қажет. Оған қоғамның  білдіріп отырған сенімін ақтау парыз деп санаймын. Ол үшін әр мемлекеттік қызметтегі тұлға өзіне жүктелген міндеттері мен шекетеулерді, заң талаптары мен Әдеп нормаларын сақтау, өзін тәрбиелеуге, білімі мен біліктілігін арттыруға жұмыстануы тиіс.

 

Дамыған мемлекет  тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің негізінде  құрылады. Бүгінде Елбасының «100 нақты қадам: Ұлт жоспарының»  аясында  кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы тапсырмасы жүзеге асырылуда. Бар күшті, заманауи, сапалы мемлекеттік қызметтің елдің әлемуеттік экномикалық дамуына қосар үлесі ерекше. Мемлекеттік қызметкер мемлеккеттің бейнесін халыққа деген қамқорлығын жеткізетін адам. Сондықтан бұл бағытты қамтыған әр маманға үлкен талаптар мен міндеттер қойылып отыр.  Мемлекеттік қызметші алдымен өз халқына адал болу керек. Мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Өз жұмысын тиімді атқарып, мемлекетке және қоғамға пайдалы болу керек. Ең бастысы бізде әдеп кодексі бар. Әдепті болуымыз керек. Сол Әдеп кодексындағы нормалар мен стандарттарды сақтау қажет.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл                                       Т.Темиралиев