Батыс Қазақстан облысы бойынша 5 карантиндік объекті бар. Олар: жатаған укекіре, көп жылдық ойран шөп, арамсояу, жұпсыз жібек көбелегі, қауын шыбыны.

 

Сырым ауданы бойынша карантиндік арамшөптің ішінде жатаған укекіре кездеседі. Аудан бойынша Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мамандарымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен жылы карантиндік ошақ нысандарын анықтау мақсатында  барлығы аудан бойынша - 23000 га жер зерттеліп, оның ішінде мемлекеттік жер қоры 22049 га соның ішінде зерттеліп, 328 га мемлекеттік жер қоры  химиялық өңдеуге жатқызылды. Карантиндік аймаққа енгізілген шаруашылықтар залалданған жерлерін мемлекет қорына тапсырған және өз қаражаттары есебінен химиялық өңдеу жұмыстарын тұрақты жүргізу нәтижесінде  карантиндік арамшөп жатаған укекіреден таза екеңдігі анықталды,  алайда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №373 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына енгізілген шаруа қожалықтар 3 жыл көлемінде бақылауға алынады.  Сонымен қатар, мемлекеттік қордағы залалдаған жерді алған шаруа қожалықтар Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18-бабында көрсетілгендей мемлекет меншігіндегі жер қорларындағы карантиндік арамшөптерімен күрес жұмыстарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және жер учаскелеріндегі карантиндік жатаған укекіре арамшөбінің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі   іс-шараларды өз қаражат есебінен жүргізілетіндігі ескертіледі.

 

 

Айгерім Кенесова

Сырым аудандық аумақтық инспекциясының

өсімдіктер карантині жөніндегі

мемлекеттік инспекторы