Өткен жылы Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары мен ережелерін сақтау мәселелері бойынша 33 рет алдын алу және түсіндіру іс-шаралар өткізілді.

 

Консультация алу үшін 9 мемлекеттік қызметші  мен азаматтар қабылданды. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалы жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында жасырын сауалнамалау арқылы 65 мемлекеттік қызметшілер қамтылды. Нәтиже ұжымның моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақты екендігін көрсетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында ішкі қауіпсіздік қызметінің жұмыс тобы облысымыздың Тасқала, Зеленов, Шынғырлау, Жаңақала, Бөрлі, Бөкейорда және Жәнібек аудандық аумақтық инспекцияларының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетіп, жемқорлыққа қарсы іс-шараларға нақты талдау жүргізді. Есепті мерзімде инспекция қызметкерлерінің теріс қылықтары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

 

Өсімдіктер карантині саласына келер болсақ, аталған сала аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Нақты айтқанда, «Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру», «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Сонымен қатар облыс аумағына кіргізілген тұқымдық және себу материалдарына карантиндік фитосанитариялық қадағалау және бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын «КӨШЕТ» акциясы ұйымдастырылуда.

 

Бұл туралы ағымдағы жылдың 29 қаңтарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы О.Насимуллин және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы басшысының орынбасары А.Сейтақов, сонымен қатар инспекцияның бөлімдері мен ведомостволық мекеме басшылары және жауапты мамандарының қатысуымен өткен кеңесте сөз болды.

 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің  Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын сақтау және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы О.Насимуллин сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда аталған жобаның негізгі қызметі туралы айтып өтті.

 

Бүгінгі таңда 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасы және Батыс Қазақстан облысы әкімімен бекітілген «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы – жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық мекемелер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолға алынған маңызды іс-шараның бірі.

 

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және үкіметтік емес ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыстану қажеттігі атап өтілді.