ҚР-ның «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 13, 14 баптарына сәйкес Сіздің қызметіңіз мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты (ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, егіндер, алқаптар, бақшалар, бақ ағаштары, жылыжайлар, қосалқы үй жанындағы және саяжайлық шаруашылықтар), зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер, фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын пестицидтер болса, яғни бұл жеке және заңды тұлғаларға фитосанитариялық есептілікті тапсыру міндеттеледі.
Сонымен қатар, қызмет егін шаруашылығына қатысты болса арнайы бүріккіш және дәрілегіш техника, жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстары туралы және т.б. фитосанитариялық есепке алу нысандары есебі тапсырылуы қажет.
Фитосанитариялық есепке алу нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 19 маусымдағы №225 бұйрығымен бекітілген 8 нысан бойынша тапсырылады. Олар:
- Пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу;
- Пестицидтердің, биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы;
- Пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау;
- Бүріккіш техникалардың бар-жоғы;
- Пестицидтерді, биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын химиялық өңдеулер жүргізу;
- Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер;
- Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру;
- Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы.
Есептілікті ұсыну мерзімдері:
Жылдық – жыл сайын, қаңтар айының 20-сына дейін;
Жартыжылдық – есепті жылына екі рет қаңтар айының 20-сы және шілде айының 20-сына дейін;
Айлық – наурыз-қыркүйек аралығында ай сайын, әр айдың 20-сына дейін.
Фитосанитариялық есептiлiктi тапсырмаған, уақытында тапсырмағаны үшін ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 403-бабымен жеке тұлғаларға – 5, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Фитосанитариялық есептілікті Орал қаласы, Қасым Аманжолова көшесі, 75 мекен-жайында орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясына тапсырылу тиіс.
АЙНАМКӨЗ ГАБДУЛОВА
ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық
инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы










