Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары лауазымдық өкілеттіктерін жеке және өзге адамдардың мүддесі үшін мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы болып табылады.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Өйткені, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кемел келешегіне айтарлықтай қауіп төндіретін қоғам дертіне айналып отыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік саясат ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жемқорлықтың алдын алу және оны жою жолында күрес шараларын ұдайы жалғастыруда. Осы орайда, қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, аталған дерттің одан әрі өршуіне жол бермей, замануи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қарсы тұру - бүгінде маңызды мәселе болып отыр.
Сондықтан, жемқорлықтың алдын алу - жас мемлекеттік қызметші ретінде өзімнің және барша жұртшылықтың ел алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін.
ТЕМИРЛАН ГАББАСОВ
ҚР АШМ АӨК МИК
Сырым аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы – өсімдіктерді
қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы










