ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің Whatsapp мессенджерінің байланыс желісі енгізілгендігін хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің +77018753861 байланыс нөміріндегі Whatsapp мессенджері арқылы жеке және заңды тұлғалар агроөнеркәсіптік кешен саласында (Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері, өсімдіктерді қорғау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мемлекеттік астық инспекциясы саласы) өздерін толғандырған сұрақ-сауалдарды, өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерді, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлік субьектілерінің өкілдері тарапынан орын алған сыбайлас жемқорлық деректері, өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының бұзылуы,  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері және басқа да күрделі мәселелер бойынша ақпаратты хабарлама, фото-сурет және видео түрінде жібере алады.

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының және оның орынбасарының, Әдеп жөніндегі уәкілдің  тікелей қабылдауына алдын-ала жазылуына болады. Байланыс желісінің жұмыс тәртібі әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағ.08:30-дан 18:00-ге дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері түскен ұсыныс-пікірлер мен арыз-өтініштер ескерусіз қалмайды.