Қазақстан Республикасының аумағына: экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады.
Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік корпорация беретін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде қайтадан карантиндік тексеріп қарауға жатады.
Карантинге жатқызылған өнім иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі – карантиндік жай-күйі туралы куәландыратын және карантиндік тексеріп қарау нәтижесі бойынша берілетін құжат.
ҚР өсімдіктер карантині жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалық аумақтық инспекциясына жүгінуге болады.
Мекен-жайы: Орал қ. Қ. Аманжолов көш, 75.
Байланыс телефоны: 50-62-96.










