Ауыл шаруашылығы - ел экономикасы дамуының негізгі салаларының бірі. Аталған саланың еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршаға белгілі.
Елбасымыздың көреген саясатының арқасында агроөнеркәсіп кешен саласына жыл сайын ұдайы көңіл бөлініп келеді.
Осы орайда, ауыл шаруашылығында сала қызметкерлері аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өздерінің қомақтық үлестерін қосып келеді.
Өткен аптада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдиновтің төрағалық етуімен және облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Стексовтың, сонымен қатар, облыстық мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагерлері, аудан әкімдігі өкілдері және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай жиналыс ұйымдастырылды.
Жиынға қатысушыларды кәсіби мереке - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов «Баршаға белгілі, қараша айының үшінші жексенбісінде қалыптасқан дәстүр бойынша біз аса маңызды кәсіби мерекеміз-ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күнін атап өтеміз.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, табандылығы мен өз ісіне деген адалдығы ең жоғары құрмет пен қошеметке лайық. Бүгінгі жиналысымыз осы кәсіби мерекеміз-ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай және маңызды мерекемен тұспа-тұс келіп отырған ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан Ғарапша Сахиповты мерейлі жасқа толуымен құттықтау мақсатында ұйымдастырылуда»,-деді.
Аталған жиында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов мерейтой иесі Ғ.Сахиповты құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті және облыс әкімі А.Көлгіновтың Құттықтау хатын, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Истелеуов «Құрметті ардагер» медалін, Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Салықов кәсіподақ атынан төсбелгі медаль, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов инспекция және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы А.Қаджыбекованың атынан құттықтау хатын салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар, бірқатар облыстық басқармалар мен инспекция басшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы минситрлігіне бағынысты мекеме жетекшілері, Қаратөбе және Сырым ауданы әкімдігінің өкілдері, еңбек ардагерлері, саладағы әріптестері Ғарапша Әділұлын мерейлі жасқа толуына орай құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін арнады.
Ғарапша Әділұлы Сахипов - 1958 жылғы 22 қарашада дүниеге келген. 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын тәмамдаған соң, өз еңбек жолын Жымпиты ауданы, «Қызыл-Ақрап» колхозында агроном қызметінен бастап, кейін кәсіби дәрежесінің, жұмысқа деген жауапкершілігінің, табысты еңбектерінің нәтижесінде 07.1982-01.1987 жылдары Қаратөбе ауданы, «Қоскөл» совхозының бас агрономы, 01.1987-04.1992 жылдары ҚазССР 60-жылдық атындағы совхозының директоры, 04.1992-11.1999 жылдары Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы және аудан әкімінің бірінші орынбасары, 11.1999-05.2001 жылдары БҚО ауыл шаруашылығы департаментінің ауыл шаруашылығы өнімдерін дамыту бөлімінің мал шаруашылығы секторының меңгерушісі, 05.2001-08.2002 жылдары БҚО ауыл шаруашылығы департаменті егін шаруашылығы бөлімінің бастығы, 08.2002-01.2005 БҚО ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары, 04.2005-02.2006 жылдары БҚО ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, 02.2006-10.2006 жылдары БҚО ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, 01.2007-04.2010 жылдары «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры, 04.2010-08.2011 жылдары «АКМО-88» ЖШС-нің директорының орынбасары, 11.2011-07.2017 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы сияқты жоғары қызметтерді абыроймен атқарған. Қазіргі таңда «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы қызметін атқаруда.
Басқосу соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов ел игілігі жолында мемлекетіміздің дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқан аға ұрпақтың еселі еңбегін дәріптеу - кейінгі толқын жастар үшін үлгі-өнеге екенін айрықша атап өтті.
{gallery}007{/gallery}.










