Өткен аптада жұмыс сапарымен Орал қаласына атбасын тіреген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік астық инспекциясы Басқармасының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Қарлығаш Мустафина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында болып, инспекцияның салалық қызметімен жан-жақты танысты.

 

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Мустафина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының  ұжым қызметкерлерімен Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі мәселесі бойынша кездесу өткізді. Аталған жиында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы  Л.Хайретдинов облысымызға алғаш рет іс сапармен келген Қ.Мустафинаға қош келдіңіз айтып, ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Оңдагановпен және аталған министрлікке бағынысты құрылымдық мекемелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен қазіргі заманауи мемлекеттік аппаратта Әдеп жөніндегі  уәкілдің рөлі туралы кездесу өткендігін, облыстық аумақтық инспекцияның әдеп жөніндегі қызметінің министрлікке қарасты мекемелермен өзара тығыз қарым-қатынаста  бірлесе жұмыс жүргізіліп жатырғандығын және Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына  арнаған Жолдауындағы мақсат-міндеттер, ауыл шаруашылығы саласына ұдайы  көңіл бөлінетіндігін ерекше атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев инспекциядағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы ұжымдық-моральдық ахуалдың қалыпты екенін айта келе, атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу бойынша  ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары арасында Меморандум жасақталған болатын. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5 рет дөңгелек үстел, 8 рет дәріс, 12 рет семинар кеңестер ұйымдастырылып, жергілікті баспасөз басылымдарында 4 рет мақала және интернет ресурстарында 13 рет ақпарат жарияланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында ішкі қауіпсіздік қызметі жөніндегі жұмыс тобы аудандық аумақтық инспекциялардың ұжым қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, жыл ішінде Бөкейорда, Жәнібек, Ақжайық, Казталов және Жаңақала аудандық аумақтық инспекцияларында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы түсінік беріліп,  ұжымдағы моральдык-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізілді.

 

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік астық инспекциясы Басқармасының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Мустафина әдеп нормалары мен ережелерінің сақталуы, облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық бойынша орын алған құқық бұзушылық фактілері, 2019 жылы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының 2 есеге дейін өсетіндігі туралы айтып өтті. Қ.Мустафина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен қараша айының үшінші жексенбісі болып белгіленген ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай ағымдағы жылғы 13 қарашада өткен «Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің кубогы үшін» волейболдан Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері және министрлікке бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында облыстық турнир ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдіріп, спорттық шараның мемлекеттік қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға зор үлес қосатынын атап өтті. Ұжымдағы татулық қарым-қатынаста және жастарды ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибелі қызметшілерден қызметтің қыр-сырын жетік меңгеріп жұмыс істеу қажеттігін баса айтқан Қ.Мустафина төл мереке – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтап, жұмыста толағай табыс пен сәттіліктер тіледі.

 

{gallery}/news/13{/gallery}