Елбасы Н.Ә.Назарбаев биыл 5 қазанда Қазақстан халқына  «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ  ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты  кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Осыған орай, аталған жолдауды кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов өткен аптада облыстық және қалалық аумақтық инспекция қызметкерлері басқосқан жиында саяси-маңызды құжаттың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталды. Нақты айтқанда, инспекция басшысы Л.Хайретдинов келер жылы халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, агроөнеркәсіптік кешен саласын дамыту, кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелері туралы жан-жақты айта келе, еліміздің әрбір азаматы үшін қолайлы өмір сүруге барлық мүмкіндіктер мен жағдай жасалғандығын атап өтті.

 

Сонымен қатар, кеңеске қатысқандар ҚР Президентінің Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп, аталған Жолдауды қолдайтынын және туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда жалынды ерік-жігері мен кәсіби біліктілігін жұмсай отырып, адал қызмет атқаратынын жеткізді.

 

{gallery}/news/12{/gallery}