ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы М.Нысанбаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 18 қазанында инспекция қызметкерлерінің қатысуымен «Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру іс-әрекеті алгоритмін сақтау туралы» дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

 

Кеңесте инспекцияның бас маманы Ж.Асқаров өз сөзінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 73-Н бұйрығымен бекітілген «Аумақтық инспекциялардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мамандары және «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ мамандары өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру іс-әрекеті алгоритмін» ұдайы басшылыққа алып, жұмыс барысында тұрақты сақтау туралы айтып өтті.

 

Аудандық аумақтық инспекция басшысы М.Нысанбаев күн тәртібіндегі мәселенін маңыздылығына тоқталып, аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мамандары және «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ мамандары өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру іс-әрекеті алгоритмін», ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын ұдайы қатаң назарда ұстау қажеттігі тапсырылды.

 
{gallery}/news/8{/gallery}