Ресей Федерациясына өнімдерді тасымалдау кезінде анықталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ шаруа қожалықтары жетекшілерінің қатысуымен семинар кеңес өткізілді.
Аталған жиында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Ж.Аскаров өсімдіктер карантині саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен түсінік беріп өтті.
{gallery}/news/7{/gallery}










