Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. С.Бадеевтің төрағалық етуімен өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік  инспекция бөлімінің және Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшылары,  өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының қатысуымен өсімдіктер карантині сала бойынша өзекті мәселелер жөнінде кеңес отырысы өткізілді.

 

Аталған кеңес барысында С.Бадеев өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға сала бойынша  «Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-ның аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған ҚР-ның аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру» мемлекеттік қызметін сапалы көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

{gallery}/news/4{/gallery}