Отан – отбасынан басталады деген ежелден дана халқымыз. Мемлекетіміздің қарыштап дамуы мен өркендеуі жолында әрбір азаматтың қомақты қолтаңбасы мен елеулі үлесі болады. Отбасылық игіліктер секілді рухани құндылықтарды дәстүрлі түрде насихаттау әрдайым маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласында өткен тарихымызды қайта жаңғырту және отбасылық ізгі құндылықтарды дамытуға айрықша басымдық берілген. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді іске асыру бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Кешенді жоспарына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық, Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларында ағымдағы жылдың 11-13 қыркүйек күндері аралығында Отбасы күніне орай жанұялық құндылықтарды арттыру, мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметі туралы жан-жақты түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жанұя мүшелеріне жұмыс орнында «Ашық есік күні» шарасы белсенді ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аясында ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекцияларында мемлекеттік қызметшілердің отбасылары мен жақын туыстарына қызмет барысында өзінің салалық кәсіби міндеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету барысынан таныстырып өтті.
#Мемлекеттік_қызмет_БҚО_Отбасы_күні, #Мемлекеттік_қызмет_БҚО_Ашық_есік_күні
{gallery}/news/3{/gallery}










