Өткен аптада Бөкейордасы ауданының әкімі Н.Рақымжановтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, сонымен қатар ҚР АШМ АӨК МИК Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясы, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалының басшылары және инспекцияның жауапты мамандарының қатысуымен шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штаб отырысы ұйымдастырылды.
Басқосуда 2018 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланып, алдағы жылы атқарылар істер ауқымы жоспары қаралды.










