Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі А.Есалиевтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы А.Алдабергенов, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, ҚР АШМ АӨК МИК шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы, сонымен қатар басқа да жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штаб отырысы өтті.
Аталған штаб отырысында ҚР АШМ АӨК МИК Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Н.Сұлтанов 2018 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілген жұмыстардың қорытындысы және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалының басшысы Ю.Хамзин 2018 жылғы зерттеу жұмыстары, италяндық прус шегірткесіне қарсы мониторингтік жұмыс барысы және келер жылы атқарылатын жұмыс жоспары мәселесі жөнінде баяндады.
Жиын соңында ҚР АШМ АӨК МИК Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне 2019 жылы аса қауіпті зиянкестер мен ауруларға қарсы зерттеу және химиялық өңдеу жұмыстарын бірлесе отырып сапалы және уақытылы жүргізу, шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы зерттеу іс-шараларына жан-жақты қолдау көрсету, улы химикаттарды сақтауға арналған қоймалардың әзірлігі, химиялық өңдеу жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы алдын ала жергілікті тұрғындар арасында ескертпе түсінік жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.










