2018 жылғы 24 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясында аталған инспекция, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі аудандық филиалының жауапты мамандары және жергілікті шаруа қожалығы жетекшілерінің басқосуымен «ҚР-ның асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдың алу» мәселелері туралы кеңес отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысында ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы Н.Абишев аталған Заңнаманың асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейтінін, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейтіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының басшысы М.Қожахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары мәселесі жөнінде жан-жақты баяндады.
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларының жүзеге асырылып жатқандығы белгілі. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай, Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, аталған жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді. Әр мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын, құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу тиістігін ұдайы назарда ұстауы тиіс.











