Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
Бұл орайда, ағымдағы жылдың 27 тамыз күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының үлкен мәжіліс залында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Ундаганов қазіргі заманауи мемлекеттік аппаратта Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ ОШжЖД комитетінің БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен кездесті.
Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ә.Баяхов, «Әділет» құқық қорғау орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Өтебаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы орынбасарының м.а. Н.Жунусов қатысып, ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкіл институтының қызметі, ұжымдағы моральдық-психологиялық атмосфера, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның рөлі және жемқорлық дерегі - этикалық нормаларды сақтамау нәтижесі мәселесі төңірегінде кеңінен баяндап өтті.










