Облыс бойынша 2018 жылы аса қауіпті итальян шегірткесіне қарсы  өңдеу жұмыстары 166,71 мың га аумаққа жоспарланған болатын. Итальяндық шегірткелерге қарсы болжанған көлемнен артық шығуына байланысты химиялық өңдеу шаралары 176,71 мың га аумаққа көбейді.


Облыс аумағында саяқ шегірткелердің  дернәсілдеріне қарсы 52,006 мың га, бидай трипісіне қарсы  3,5 мың га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда үйірлі шегірткелердің шағылысу және жұмыртқа салу кезеңінде зерттеу жұмыстары жалғасуда. Итальян шегірткесіне зерттеу жұмыстары 1938,00 мың га  жоспарланып, аталған жұмыстар 100 пайыз орындалды. Ал Азиат шегірткесіне қарсы зерттеу жұмыстары–592,40 мың га жүргізілді.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы А.Алдабергенов, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, ҚР АШМ АӨК МИК Сырым және Қаратөбе аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың басшылары және жауапты мамандардың қатысуымен аталған өңірлерде 2018 жылы зиянды шегірткелерге қарсы жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысы өткізілді.


Жиын соңында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Хайретдинов аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы химиялық өңдеу шараларын жүргізу барысында қосқан белсенді үлесі үшін бірқатар жергілікті ауылдық округ басшысы мен шаруа қожалығының жетекшісіне салтанатты түрде Алғыс хат табыс етті.