Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамның ең басты қауіп - қатерлерінің бірі. 2018 жылғы 15 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты семинар ұйымдастырылып, аталған басқосуда инспекцияның жауапты мамандары А.Кенесова және Т.Габбасов жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы күрес шаралар туралы түсінік беріп өтті.


Сыбайлас жемқорлықты  болдырмау және оның алдын-алу мақсатында елімізде жүйелі іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатқандығы белгілі. Бүгінгі таңда  барлық мемлекеттік органдар мен  лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті болып табылады. «Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кеселін тигізетін індет. Оның болашағына түбегейлі балта шаппайынша мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды»,- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тек тиісті құзырлы органдар ғана емес, сондай-ақ, баршамыз бірлесе отырып тосқауыл қоюымыз қажет.