Ағымдағы жылғы 8 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының жауапты мамандары Сырым АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, аудан орталығындағы жеке кәсіпкер арасында ҚР-ның «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы және карантинге жатқызылатын өнімдерді өткізу және тасымалдау барысында тиісті құжаттардың міндетті түрде болуы қажеттігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарда ақпараттық xабарламалар мен жаднамалар орнатты.