2018 жылдың 8 ақпанында ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясында Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.Курмашев, кадрлық, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Т.Темиралиев және жергілікті ұжым қызметкерлерінің қатысуымен өсімдіктер карантині және өсімдіктер қорғау салалары бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аталған басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және шегірткелерге қарсы жүргізілетін шаралар туралы мәселелер кеңінен талқыланды.










