Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Теректі ауданында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары С. Бадеев, аталған инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е. Құрмашев, өсімдіктер карантині және фитосанитарлық қадағалау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж. Ешмуxанов, кадрлық, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Т. Темиралиев, бас маман - заңгер А. Наурызованың, сонымен қатар Орал қалалық, Зеленов, Тасқала, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым аудандық аумақтық инспекция басшыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп нормалары, өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және өсімдіктерді қорғау саласы аясында шегірткелерге қарсы іс-шаралар мәселелері туралы агрооқу дөңгелек үстелІ өткізілді.

Сондай-ақ, семинар кеңеске Теректі ауданының Федоровский, Долинский және Покатиловка ауылдық округінен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен өкілдері қатынасты. Аталған басқосудан соң сала басшылары ауданның өңірлік мұражайында болып, ұлттық қолөнер бұйымдары және табиғи жәдігерлермен танысты.